Ұлттық зияткерлік меншік институты
19 қазанда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының инновациялық обсерваториясымен, «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Өңірлердегі инновациялық белсенділікті ынталандыру» тақырыбында вебинар өтті. Вебинар өңірлік инновациялық экожүйеге қатысушыларды Қазақстан Республикасында технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі жұмыс туралы хабардар етуге бағытталған.
Вебинар барысында Қазақстандағы инновациялық жүйені дамыту мәселелері, «QazInnovations «Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ гранттық қолдау құралдары талқыланды, сондай-ақ Qazpatent қызметкерлері зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың тұжырымдамасы мен маңыздылығы, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, сондай-ақ IT-шешімдерді патенттеу мәселелерін ашты.