Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 18 қазанда «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама департаментінің қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар аясында Зияткерлік меншік ұғымы мен маңыздылығы, өз туындысына авторлық құқықты тіркеу және өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.