Ұлттық зияткерлік меншік институты
QAZPATENT 8-11 сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы эссе байқауына өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Эссе тақырыбы: «Зияткерлік Меншіктің жасанды интеллекттің даму дәуіріндегі рөлі».
Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өскелең ұрпаққа патенттік мәдениет негіздерін үйрету.
Байқау 2023 жылдың 16 қазанынан 17 қарашасына дейін өткізіледі.
Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2023 жылғы 17 қарашаға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: press@kazpatent.kz.
Қорытындысы 2023 жылғы 1 желтоқсанда шығарылады.
Конкурс туралы ереже қоса беріледі.