Ұлттық зияткерлік меншік институты
13 қазанда сағат 14:00-де Qazpatent «Digital Bridge 2023» халықаралық технологиялық форумы аясында «Жасанды интеллект зияткерлік меншіктің жаңа дәуірі ретінде: заманауи трендтер мен сын-қатерлер» тақырыбында панельдік сессия өткізеді.
Панельдік сессия шеңберінде ЖИ-тің патенттік жүйеге әсері және патенттік стратегиялардың өзгеруі мәселелері, ЖИ-ті пайдаланудың құқықтық аспектілері: шетелдік тәжірибе мен сот практикасы, сондай-ақ ЖИ-ті жаңа зияткерлік меншік объектілерін құру құралы ретінде пайдалану мәселелері талқыланатын болады.
Барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік Ел 53/1, «EXPO» ХКО.
Тіркелу сілтемесі: https://forms.amocrm.ru/rrzcmxm