Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 27 қыркүйекте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері үшін «Зияткерлік меншікті қорғаудың маңыздылығы» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар шеңберінде авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, сондай-ақ патенттік кооперация туралы шартқа (РСТ) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу туралы мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.