Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Шапағат» өнертапқыштық саласындағы Республикалық байқауының басталуы

01 қыркүйек, 2023

Қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін қолдау және отандық кәсіпорындардың жетістіктерін кеңінен жариялау мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Ұлттық зияткерлік меншік институты» өнертапқыштық саласындағы Республикалық «Шапағат» байқауын (бұдан әрі – Байқау), сонымен қатар, аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беруге іріктеу жүргізеді.

«Шапағат» байқауы 2022 жылы өнертабыстарға берілген жарамды патенттері бар патентиелері арасында келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Үздік инновациялық компания», «Жас өнертапқыш» (жас ғалымдар үшін / 18-35 жас аралығындағы студенттер), сондай-ақ жас өнертапқыштар арасындағы «Жас талап» (10-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін). «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел» және «Жас өнертапқыш» номинациялары бойынша  2022 жылы өнертабыстарға берілген жарамды патенттері бар патентиелері арасында өткізіледі.


«Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел» және «Жас өнертапқыш» номинациялары келесі белгілер бойынша іріктеледі:

-  әлеуметтік маңыздылығы;

- өнертабысты пайдаланудан экономикалық тиімділік;

- экологиялық қауіпсіздік;

- бәсекеге қабілеттілік;

- өндіріске енгізу және/немесе технологияларды коммерцияландыру.


 «Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалардың өтінімдер қарастырылып, марапаттау жүргізілуі мүмкін.


«Жас талап» номинациясы бойынша келесі белгілер қарастырылады:

- жобаның техникалық деңгейі;

-әлеуметтік маңыздылығы;

- экологиялық қауіпсіздігі;

-жобаны қолданудан болжамды экономикалық тиімділігі.


«Үздік инновациялық компания» номинациясы бойынша іріктеу келесі белгілермен іске асырылады:

- компания сипаттамасы;

- өнімнің экологиялық қәуіпсіздігі;

- бәсекеге қабілеттілігі;

- экспорттауға арналған технологиялық жетістігі;

- тауар таңбалары, географиялық нұсқамалары, тауар шығарылған жердің атауы көрсетілген өнімдерді қолданудан және компаниялардың өндіріске еңгізілген өнертабыстарынан, селекциялық жетістіктерінен, өнеркәсіптік үлгілерінен әлеуметтік экономикалық тиімділігі;

- зияткерлік меншік объетілеріне кешенді қорғауы болуы.


 «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағына өнертабыстың қолданылуы туралы кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның пікірі, жалпы алған патенттері, авторлық куәліктері көрсетілген өтінімді үміткер атынан ғылыми ұйымдар немесе қоғамдық ұйымдар ұсынады.

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы атағын келесі критерийлар бойынша атақ береді:
- өнертабыстарға берілген патенттер мен жарамды патенттерінің, сонымен қатар автор куәліктерінің жалпы саны;

- әр түрлі экономика саласында аса маңызды патенттелген өнертабыстардың кеңінен қолданылуы мен өндіріске енгізу нәтижелері. Өндіріске енгізу мен өнертабысты пайдаланудан жалпы экономикалық тиімділік және олардың әлеуметтік маңыздылығы.

- кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғалардың пікірлері, өнертабысты енгізу туралы актілер);

- өнертабыс саласындағы қызмет атқару мерзімі;

- өнертабысты қолдану құқығы берілген және (немесе) тапсырылғаны жөнінде тіркеулердің саны


Байқау жеңімпаздарын мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, кәсіпкерліктің, инновациялық қызмет саласындағы даму институттарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын комиссия мынадай критерийлер бойынша анықтайды: әлеуметтік маңыздылығы, өнертабысты пайдаланудан экономикалық тиімділік, экологиялық қауіпсіздік, бәсекеге қабілеттілік, өндіріске енгізу және/немесе технологияларды коммерцияландыру.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншелермен және ақшалай сертификаттармен (500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін) марапатталады.

«Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық конкурсына қатысуға және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беруге өтініштер (осы хатқа қосымшаға сәйкес) shapagat@kazpatent.kz электронды пошта арқылы ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінен 16 қазанына дейін қабылданады.

Өтініштер нұсқасы


Байланыс үшін:

Батырбекова Алтынай Бакбергенқызы – өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы
(тел.: 8 (7172) 62 15 18, +7 (701) 165 11 84 a.batyrbekova@kazpatent.kz);

Кожахметова Гульдана Каиржановна – департамент басшысы орынбасары-физика және машина құру саласындағы патенттік сараптама басқармасының басшысы (тел.: 8 (7172) 62 15 85, +7 (701) 439 30 31, g.kozhakhmetova@kazpatent.kz).