Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 4 қыркүйекте Қазпатент QazTrade-пен бірлесіп «Қытайға экспорттау кезінде зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинардың спикері ретінде Пекиндегі Schmitt & Orlov халықаралық заң фирмасының бас кеңсесінің басшысы Арсалан Танганов сөз сөйледі.
Вебинар Қытайдағы тауар белгілерін тіркеудің маңызды аспектілерін, соның ішінде арам ниетті тіркеу мәселесін, сондай-ақ Қытайдағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтыды. Спикер осы нарықта жұмыс істейтін брендтер мен компаниялар үшін құнды кеңестер мен ұсыныстар берді.
Болашақта біз оқыту іс-шараларын өткізуді кеңейтуді және зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғаларды қамтуды жоспарлап отырмыз.