Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылдың 25 тамызында Қазпатент Республикалық физика-математика мектебінің профессор-оқытушылар құрамына «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар аясында авторлық құқықты, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.