Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылдың 23 тамызында Қазпатент Торайгыров университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау»тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар шеңберінде Авторлық құқықты, тауар белгілерін, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау, Патенттік кооперация туралы шартқа (PCT) сәйкес өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншікті коммерцияландыру мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.