Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ЕРБОЛ ОСПАНОВ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ВЕДОМСТВОЛАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ

26 шілде, 2023

Qazpatent директоры Ербол Оспанов 24-26 шілде аралығында ҚХР-ның СУАР астанасы Үрімші қаласында өткен зияткерлік меншік ведомстволары басшыларының халықаралық форум-кездесуіне қатысты.

Кездесуді Қытайдың Ұлттық зияткерлік меншік басқармасы (CNIPA) және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының халық Үкіметі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен ұйымдастырды.

Бұл ведомстволар арасындағы терең ынтымақтастықты талқылау мақсатында Қытай және Орталық Азия елдері ЗМ ведомстволарының басшылары мен өкілдерінің эксклюзивті кездесуі.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан зияткерлік меншік ведомстволарының өкілдері қатысты. Кездесудің бірінші күнінде Ербол Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстандағы зияткерлік меншік құқықтарын беруге және қайта құруға жәрдемдесу мәселелері туралы айтты.

Айта кетейік, 2017 жылдың қыркүйегінде Qazpatent, Қытай Халық Республикасының зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік ведомствосы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.