Ұлттық зияткерлік меншік институты
20 шілдеде Зияткерлік меншік саласындағы 2023 жылға арналған оқыту іс-шараларының бірлескен жоспарын іске асыру шеңберінде Qazpatent ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің және әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін «Домендік және фирмалық атаулардың тауар белгілерімен соқтығысуы» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Вебинар аясында қатысушылар домендік, фирмалық атаулар ұғымдарымен және олардың тауар таңбаларын тіркеуден ерекшеліктерін, домендік атаулар мен фирмалық атауларды қорғау сұрақтарымен, сондай-ақ домендік атаулар мен фирмалық атауларды пайдалануға қатысты халықаралық тәжірибемен таныса алды.
Цифрлық және ақпаратқа жедел қол жетімділік дәуірінде зияткерлік меншікті қорғау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты домендік және фирмалық атауларды, сондай-ақ сауда белгілерін қорғаудың құқықтық режимдерін ажырату маңызды.
Болашақта басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.