Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 22 маусымда «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қызметкерлері мен экспорттаушылары үшін «Мадрид жүйесі шеңберінде сауда белгілерін халықаралық тіркеу» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар аясында шетелде тауар белгілерін құқықтық қорғау, өтінімдерді ресімдеу, сондай-ақ тауар белгілерін қорғау мәселелері ашылды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.