Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне арналған вебинар өткізді

08 маусым, 2023

2023 жылғы 8 маусымда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің «Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинар аясында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау мәселелері, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге патенттердің қолданылуын сақтау, ұзарту және қалпына келтіру рәсімдерінің ерекшеліктері ашылды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.