Ұлттық зияткерлік меншік институты
2023 жылғы 19 мамырда Qazpatent-те Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілі, Алдын алу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Е. Кенебаеваның қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу бойынша семинар өткізілді.
Спикер өз сөзінде Республикалық және облыстық ауқымдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және қылмыстарға қарсы күрес бойынша түсіндірмелер берді. Сондай-ақ, заңнамалық бастамалардан бастап елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беру жұмыстарына дейінгі шаралар кешені туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Спикер сондай-ақ тұрмыстық жемқорлық, Integrity check бағдарламасы туралы түсіндірді.
Семинар қорытындысы бойынша өкілмен мен уәкілетті органдардың өкілдері семинарға қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берді.