Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Великий Новгород қаласында Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің отырысы өтті

18 мамыр, 2023

2023 жылғы 18 мамырда Ресей Федерациясының Великий Новгород қаласында Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің қырық екінші (он үшінші кезектен тыс) отырысы өтті. Өкілетті өкілдер ЕАПҰ-ның 2022 жылғы жылдық есебін қабылдау жөніндегі отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді; ЕАПВ қызметшілерінің еңбек жағдайлары туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы; ЕАПВ мен ЕАПК қатысушы мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволары арасындағы ортақ іс жүргізу шеңберінде құжаттармен электрондық алмасу тәртібін бекіту туралы және басқа да мәселелерді қарады.