Ұлттық зияткерлік меншік институты
27-28 сәуірде Qazpatent «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау және биофармацевтика саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Qazpatent сарапшылары биофармацевтика саласындағы зияткерлік меншік объектілерін қорғау және ғылыми ұйымдардағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелерін ашты.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.