Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

Qazpatent Qolday кәсіпкерлік орталығының кәсіпкерлеріне арналған вебинар өткізді

25 сәуір, 2023

25 сәуірде Qazpatent Qolday кәсіпкерлік орталығының кәсіпкерлері үшін «Зияткерлік меншік және бизнес» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты, тауар белгілерін, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін ашты.

Вебинарға қатысушыларды авторлық құқықты тіркеу, тауар таңбаларының түрлері, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау шарттары мәселелері қызықтырды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.