Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

QAZPATENT өкілдері "ZHEIF-2023" - ке қатысуда

27 сәуір, 2023

2023 жылғы 26-27 сәуірде Тараз қаласында «Ежелгі Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» («ZHEIF-2023») халықаралық экономикалық инвестициялық форумы өтуде.

Форумға QAZPATENT директорының орынбасары Нұрдәулет Әбілқайыров пен Мемлекеттік тіркеу департаменті басшысының орынбасары Медет Малыбаев қатысуда.

Форумның мақсаты инвестициялық, іскерлік креативті ортаны қалыптастыру, инвестициялық байланыстарды одан әрі жолға қою, туризм, өнеркәсіп, цифрландыру және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың түрлі секторларында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Іс-шараға республиканың және облыстың жетекші халықаралық және отандық компанияларының өкілдері, инвесторлар, сарапшылар, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері және квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысады.

"Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023" форумы шеңберінде пленарлық және панельдік салалық отырыстар өтеді, онда бизнес-қоғамдастық көшбасшылары мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді, өңірдің экономикасын, инфрақұрылымын, әлеуметтік саласы мен туризмін дамытудың перспективалық бағыттары, сондай-ақ инвестициялар тарту және қолайлы инвестициялық орта құру талқыланады.

QAZPATENT өкілдері Халықаралық экономикалық инвестициялық форум аясында ұйымдастырылған "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.