Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты ұжымының атынан және өзімнің атымнан Халықаралық зияткерлік меншік күнімен құттықтаймын.
«Әйелдер және инновация мен шығармашылықтың катализаторы» 2023 жылғы ЗМ күнінің тақырыбы бүкіл әлем бойынша өнертапқыш әйелдерді, авторларды және кәсіпкерлерді құрметтеуге мүмкіндік береді, олар өнертапқыштық және шығармашылық қызметпен айналысады, сонымен қатар кәсіпорындар құрып, дамытады.
Сіздерге шын жүректен жаңа идеялар, шығармашылық табыстар, жетістіктер мен жаңа көкжиектер тілеймін. Шабыт пен сәттілік әрқашан сіздермен бірге болсын.
Шынайы тілектермен,
Ербол Оспанов, Qazpatent директоры