Ұлттық зияткерлік меншік институты
21 сәуірде Qazpatent Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншікті құқықтық қорғаудың ерекшеліктері» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Qazpatent сарапшылары авторлық құқықты, тауар белгілерін, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғаумәселелерін қамтыды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.