Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

2023 жылғы Халықаралық зияткерлік меншік күні шеңберіндегі ДЗМҰ бейнеконкурсы

29 наурыз, 2023

Әйелдер ЗМ әлемін ашқанда, біз инновация мен шығармашылық қарқынын жеделдетеміз: барлығы жеңеді!

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2023 жылғы Халықаралық зияткерлік меншік күні аясында бейнероликтер байқауын өткізеді.

Сізге 2023 жылғы Ашық онлайн-дауыс беруге қатысуды және https://wipd-2023-video-competition.wipo.int/?language=ru_RU байқау бетіне өту арқылы өз таңдаулыларыңызға дауыс беруді ұсынамыз.

Қысқа тізімге енген 10 бейне 2023 жылдың 13 сәуірінде байқау платформасында жарияланады. Жеңімпаздар 2023 жылдың 26 сәуірінде жарияланады.

Марапаттар

Жеңімпаздар келесі марапаттарға ие болады:

Бірінші орын: 5000 швейцариялық франкке дейінгі сандық жабдық

Екінші орын: 3000 швейцариялық франкке дейінгі сандық жабдық

Үшінші орын: 1000 швейцариялық франкке дейінгі сандық жабдық

Үздік 10 бейнероликтің авторлары ДЗМҰ академиясында оқуға мүмкіндік алады.

Бейнеролик тақырыбын еске түсірейік:

Қатысушыларға «Әйелдер ЗМ әлемін ашқанда, біз инновация мен шығармашылық қарқынын жеделдетеміз: барлығы жеңеді!» тақырыбында 90 секундтық бейнеролик түсіру ұсынылды. «Қыздар мен әйелдердің ЗМ қолданудың маңыздылығына және оның бәрімізге тигізетін пайдасына арналған.

Бейне өнертапқыш әйелдердің, авторлардың және кәсіпкерлердің шығармашылық және инновациялық қызметін, әйелдердің ЗМ құқықтары есебінен қоғам мен экономиканың дамуына одан да көп үлес қосу қабілетін, сондай-ақ инновациялар мен ЗМ экожүйелеріне әйелдердің көбірек қатысуынан алатын пайданы көрсетуді көздейді.

#WorldIPDay