Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау және олардың қазақстандық брендтерді дамытудағы рөлі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

17 ақпан, 2023

2023 жылғы 17 ақпанда өңірлік жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер палаталары, аумақтық әділет органдары өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің қатысуымен «географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау және олардың қазақстандық брендтерді дамытудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қатысушыларға Qazpatent директорының орынбасары Айша Жумабекова және Қазақстанның патенттік сенім білдірілген палатасының төрағасы Модангүл Тағбергенова сәлемдесу сөз сөйледі.

Іс-шара аясында ұлттық және халықаралық деңгейде географиялық көрсеткіштерді қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстандық өнімнің бірегей брендтерін құруға және ілгерілетуге, сондай-ақ еліміздің ауылдық өңірлерінің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін перспективалы бағытты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар барысында Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаменті басшысының м.а. Аягүл Абитбекова «географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау және олардың өңірлік брендтерді дамытудағы рөлі» атты баяндама жасады.

Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева бірегей өнім – «Апорт» алмасы туралы, сондай-ақ географиялық көрсеткіштер арқылы өнімді даралау құралдары туралы хабардарлықты арттыру тәжірибесі туралы ақпарат ұсынды. Сөз соңында тыңдаушыларға Апорт өндірісіндегі өзекті мәселелер туралы фильм ұсынылды.

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас сарапшысы Марина Серотина Қазақстан Республикасының халықаралық сауда келісімдеріндегі географиялық нұсқаулар туралы ақпаратты ұсынды. Өнімге қорғалған географиялық көрсеткіштерді қолданудың халықаралық практикасы, Қазақстандағы жағдай, қазақстандық өнімді Еуропалық Одақтың тамақ өнімдеріне қатысты географиялық көрсеткіштер тізілімінде тіркеу мүмкіндіктері мәселелері түсіндірілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар туындаған мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ қаралып отырған саладағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.