Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

Qazpatent қызметкерлері инклюзивті спартакиадаға қатысты

14 желтоқсан, 2022

14 желтоқсанда паралимпиадалық жаттығу орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жыл сайынғы 3 паралимпиадалық спорт түрінен (бочча, отыратын волейбол және үстел теннисі) инклюзивті спартакиада өтті.

Ұйымдастырушылар Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Қазаэронавигация» РМК, «NAK» құрылыс компаниясы және «Каспий» спортты дамыту Қоры» ҚҚ және Астана қаласы «AMANAT» партиясының «Бірлік» филиалы болды.

Спартакиадаға мүмкіндігі шектеулі спортшылармен бірлесіп 10 ұйым қатысты. Барлық ойындар бір деммен өтті! Белсенді, жігерлі, нәтижелі.

Qazpatent төрт қызметкері Инкара Шертышева, Ләззат Салкен, Саят Шидербеков және Мейіржан Намазбаев ҚР Әділет министрлігінің құрама командасының құрамында спартакиадаға қатысты.

Айта кетейік, ҚР ӘМ командасы отыратын волейбол және боччаны алғаш рет ойнады.

Турнир қорытындысы:

Үстел теннисі:

1 орын - «Қазаэронавигация» РМК;

2 орын - ҚР Әділет министрлігі;

3 орын - № 80 мектеп-гимназия.

Отыратын волейбол:

1 орын - паралимпиадалық жаттығу орталығы;

2 орын - № 80 мектеп-гимназиясы;

3 орын - ҚР Әділет министрлігі.

Бочча:

1 орын - паралимпиадалық жаттығу орталығы;

2 орын - «AMANAT» партиясының елордалық филиалы;

3 орын - ҚР Әділет министрлігі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!