Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ҚР Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін "IT-шешімдерді патенттеу" тақырыбында вебинар өтті

13 желтоқсан, 2022

13 желтоқсанда Qazpatent Қазақстан Республикасы Әділет департаменттерінің қызметкерлері үшін оқыту вебинарын өткізді.

Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.

Qazpatent сарапшылары IT шешімдерді патенттеу, сондай-ақ отандық және халықаралық деректер базасы бойынша патенттік іздеу мәселелерін қамтыды.

Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.