Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Зияткерлік меншік құқығы комитеті және Ұлттық зияткерлік меншік институты ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 10 наурызындағы №79, ҚР Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы 10 наурызындағы №74, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 ақпан №77/1 бұйрығына сәйкес 2009 жылдың сәуір айында жылсайынғыӨнертапқыштық саласындағы жетістіктерінің республикалық конкурсыөткізіледі.
Конкурстың мақсаты:
ҚР-дағы зияткерлік меншік саласының маңызын арттыру, сіңірген еңбегі мен еліміздің инновациялық дамуына қосқан үлесі арқылы өнертапқыштардың имиджін көтеру, инновациялық және өнертапқыштық салаларына инвестицияларды тарту, өнертапқыштар мен олардың өнертабыстарын көпшілікке таныту.
Конкурс жоғарыдағы бұйрықпен бекітілген «Өнертапқыштық саласындағы жетістіктерінің республикалық конкурсын өткізу туралы ережелеріне» сәйкес өткізіледі. Конкурсқа 2009 жылы берілген, жарияланған және заңдық күші бар өнертабысқа берілген инновациялық патенттер мен патенттері бар ұлттық патентиеленушілер қатысады.
Өткен жылдары беріліп жарияланған инновациялық патенттер мен патенттер конкурсқа қатыспайды.
Конкурс төмендегідей номинациялар бойынша өткізіледі:
Сонымен қатар жеңімпаздарды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының және Еуразия патенттік ведомствосының В.И.Блиников атындағы алтын медалімен марапаттау қарастырылған.
Жеңімпаздарды марапаттауға арналған салтанатты кеш 2010 жылдың 23 сәуірінде Алматы қаласында өткізіледі.
Конкурстық іс-шаралар туралы ақпарат БАҚ –да жарияланады.
Конкурс туралы ақпарат пен өтінім нысаны мына сайттарда орналасқан:
www.intellkaz.kz,www.kazpatent.kz
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер2010ж. 20 наурызына дейін«Конкурсқа» деген белгімен мына мекенжай бойынша қабылданады:
ҰЗМИ «РМҚК», Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді, селекциялық жетістіктерді сараптау қызметі
Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 13В-кіреберіс, № 4-корпус,
Есілдің сол жағалауы, Астана қ-сы, Қазақстан Республикасы, 010000,
Тел: (7172)740626, факс: (7172)740630
www.kazpatent.kze-mail:kazpatent@kazpatent.kz
Ұйымдастыру комитеті: (7172)502912