Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Шапағат-2012» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық байқауының қорытындысы

20 маусым, 2012

2012 жылдың 24 мамырында «Шабыт» шығармашылық сарайында жыл сайынғы «Шапағат-2012» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің IX Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Іс-шара V Астана экономикалық форумының «Экономикалық дамуда зияткерлік меншіктің ролі» панелдік сессиясы жұмысының шеңберінде өткізілді.
Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты болып еліміздің индустриалды-экономикалық дамуында өнертапқыштық қызмет ролін арттыру және қолдау, сонымен қатар осы салаға инвестиция тартуға көмек беру және өндірістік секторға перспективалы даярланымдарды енгізу табылады.
Марапаттау салтанатында ҚР Әділет министрі Берік Имашев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушін, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Алия Ғалымова, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Фрэнсис Гарри, Еуразия патенттік ұйымының Президенті Александр Григорьев алғы сөз сөйледі.
Құрметті қонақ ретінде марапаттау салтанатына Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдері – М.Свантнер, Еуропа және Азияның кейбір елдерімен ынтымақтастық бойынша бөлім Директоры; С.Тлевлесова, Еуропа және Азияның кейбір елдерімен ынтымақтастық бойынша Басқарма жобаларының жетекшісі; В.Иосифов, ДЗМҰ кеңесшісі; шетел елдерінің патенттік ведомствосының басшылары – Б.Симонов, Роспатент жетекшісі, Ресей Федерациясы; М.Назарбеков, Қырғызстан Мемлекеттік зияткерлік меншік қызметінің Төрағасы; И.Гваладзе, Грузия Ұлттық зияткерлік меншік орталығының Төрағасы; Р.Табукашвили, Грузия Ұлттық зияткерлік меншік орталығы Төрағасының орынбасары; С.Мунтеану, Молдова Республикасы Зияткерлік меншік бойынша Мемлекеттік агенттігінің бас директорының орынбасары, сонымен қатар В.Лопатин, Ресей Федерациясының Республикалық зияткерлік меншік ғылыми-зерттеу институтының директоры; Эрне Рубик, танымал өнертапқыш; Қазақ Ұлттық өнер университетінің Ректоры, профессор, ҚР Халық әртісі А.Мұсаходжаева, «Фудмастер Айскрим» компаниясының Бас директоры Ю.Жардан қатысты.
Марапаттау салтанатына халықаралық патенттік ұйымдардың өкілдерінің қатысуы байқаудың мемлекеттің экономикасындағы инновациялық үдерістердегі маңызын білдіреді және жылдан жылға біздің отандастарымыздың өнертапқыштық белсенділігін қолдайтындықтарын айғақтайды.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары отандық өнертапқыштарға басты жүлде «Шапағат» статуэткасын, сонымен қатар дипломдар мен ақшалай жүлделерді табыс етті.
Байқау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 10.03.2010 жылдағы №79; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 22.02.2010 жылдағы №77/1; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 10.03.2010 жылдағы №74 «Жыл сайын өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің Республикалық байқауын өткізу туралы» біріккен бұйрығымен бекітілген, «Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауын өткізу туралы ережелеріне» сәйкес өткізілді.
Байқау комиссиясы мүшелерінің шешімі бойынша жеңімпаздар ретінде келесі қатысушылар анықталды:
1.«Жылдың өнертабысы»номинациясы
«Регенеративті медицина үшін ФЭЧ 2/09 адамның ұрықтық фиброаймақ жасушалары диплоидтық көбейту штамы» өнертабысына инновациялық патентпенҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Қазақстан Респбликасы Ұлттық биотехнология орталығы» (Астана қ.).
2.«Жылдың өнертабысы»номинациясы
«Астық жинайтын комбайн»өнертабысына инновациялық патентпен ҚР БҒМ «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» (Алматы қ.).
3.«Жылдың өнертабысы»номинациясы
«Травмотология және ортопедия ҒЗИ жамбас буынының толық цементсіз эндопротезі» ҚР ДСМ» өнертабысына патентпенҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» (Астана қ.).
4.«Өнертапқыш-әйел»номинациясы
Күзгібекова Алмагүл Болатқызы– «Азот оксидінің анықталған деңгейі негізінде балаларда созылмалы гастриттің морфологиялық түрін диагностикалау тәсілі», «Гексуронды қышқыл құрамын анықтау негізінде созылмалы гастриттің морфологиялық түрін диагностикалу тәсілі» өнертабысқа инновациялық патенттері бойынша патентиеленуші (Қарағанды қ.).
5.«Жас дарын»номинациясы
Бақтыбаева Назифа Бақтыбайқызы– «Венераны үйренуге арналған ғылыми-зерттеу кешенінің үлгісі» өнертабысының авторы (Павлодар қ.).
6.«Ең белсенді өнертапқыш»номинациясы
Асанғалиев Елібек Атырауұлы– «Бағаналы іргетас», «Кеме», «Торлы вариатор», «Еркін қозғалыс механизмі», «Қырғыш конвейер», «Жер қазатын машина», «Бульдозер», «Ауадан суды бөліп алуға арналған құрылғы», «Физика бойынша оқу құралы», «Механика бойынша оқу құралы», «Енгізілген бағана», «Жылу және сумен жабдықтау үшін жылусорғыш құрылғысы» инновациялық патенттері және «Физика бойынша оқу құралы» патенті бойынша бойынша 13 өнертабыстың бірлескен авторы (Өскемен қ.).
7.«Ең жас өнертапқыш»номинациясы
Мамыров Ернар Даулетұлы– «Біріктірілген эпидуральді-арқалы анестезия тәсілі», «Арқалы анестезия кезінде субарахноидальді кеңістігін ұқсастыру тәсілі», «Эпидуральді анестезияға арналған ине» өнертабысының бірлескен авторы (Павлодар қ.).
Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан үлесі үшін жеңімпаз болып табылмаған, алайда жұмыстары ерекше назар аударған байқау қатысушыларының 5-еуі дипломмен марапатталды:
1. Әбсіметов Владимир Ескендірұлы– техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженер академиясы ғылымдарының академигі, «Астана строй консалтинг» ғылыми-өндірістік фирмасының Бас директоры – ««КАЗАНТИКОР-ГМ» тотының бетін тегістейтін модификатор», ««ПИРС-КАЗАНТИКОР» пленкоингибирленген жөндейтін құрамы», ««КАЗАНТИКОР-У» оттан қорғайтын құрам», ««КАЗАНТИКОР-Ф» қасбеттік бояуы» өнертабысқа инновациялық патенттері бойынша патентиеленуші (Астана қ.).
2. Романов Виктор Иванович– техника ғылымдарының кандидаты, Мәскеу болат және қоспалар институтының доценті, «Болат қорыту қоқысы үшін көбік басқан материал» өнертабысқа инновациялық патенті бойынша патентиеленуші (Қарағанды қ.).
3. Храмов Николай Владимирович- «Жанармай жағу үшін жану тәсілі» өнертабысқа инновациялық патенті бойынша патентиеленуші (Павлодар облысы).
4. Пак Дмитрий Юрьевич– техника ғылымдарының докторы, «Геофизика және геология» кафедрасының профессоры, «Көмірдің жылу шығару қабілеттілігін анықтау тәсілі», «Көмірден көп күл қалуын анықтаудың нейтронды тәсілі», «Заттың тиімді атомды нөмірін анықтау тәсілі», «Су-мұнай байланысын анықтау тәсілі» 9 инновациялық патенттің бірлескен авторы (Қарағанды қ.).
5. Мырзағалиев Дүйсен Мыррзағалиұлы–геолого-минералогиялық ғылымдардың докторы, Атырау «Мұнай және газ» институтының, «Мұнай және газ геологиясы» кафедрасының профессоры, «Мұнай кенін іздеу тәсілі» өнертабысқа инновациялық патенті бойынша патентиеленуші (Атырау қ.).
Байқауға қызығушылық жылдан-жылға артуда. Сонымен бірге іс-шара имиджі де өсіп келе жатқандығына сөз жоқ. Осы байқауға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Ф.Гарридің қатысуы ерекше маңыздылық берді. Ф.Гарри өз алғы сөзінде мұндай іс-шараны ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстан өнертапқыштарына ДЗМҰ 8 марапатын табыстады. ДЗМҰ марапаттарын табыстау бағдарламасы барлық әлемде өнертапқыштардың, авторлардың және жаңалық ашушы компаниялардың жетістіктерін көрсетеді және зияткерлік меншік саласында аса құрметті болып табылады.
ДЗМҰ медальдары және сертификаттары байқаудың келесі қатысушыларына табысталды:
1. ДЗМҰ«Үздік өнертапқыш»марапаты
«Жайлау компаниясы»- «Алмасты бұрғыны қашау» патенті бойынша өнертабысы үшін (Алматы қ.).
2. ДЗМҰ«Үздік өнертапқыш»марапаты
ҚР БҒМ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті»- «Гидрохлорид 1-(3-н-бутоксипропил)-4-бензоилоксипиперидиннің В-циклодекстринмен кешені» инновациялық патенті бойынша өнертабысқа патентиеленуші (Көкшетау қ.).
3. ДЗМҰ«Үздік өнертапқыш»марапаты
ҚР БҒМ «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті»- «Кіші деривациялық гидроэлектр станциясы» инновациялық патенті бойынша өнертабысқа патентиеленуші (Алматы қ.).
4. ДЗМҰ«Үздік өнертапқыш»марапаты
Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы– техника ғылымдарының кандидаты, ғылыми бағдарламалар орталығының директоры, Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің патентиеленушісі, өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеуді белсенді түрде насихаттайды (Тараз қ.), коллоидты химия, соның ішінде тұндыру және сүзу үрдісін жеделдету үшін табиғи лайлы, өнеркәсіпті ағынды суды даярлау және тазалау кезінде қолдануға мүмкіндік беретін полимер алу саласында 17 өнертабыстың бірлескен авторы.
5. ДЗМҰ«Үздік өнертапқыш-әйел»марапаты
Итқұлова Шолпан Сембайқызы– көп функционалды катализатор зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты, «Синтез-газға табиғи және ілеспе газдарын көмір қышқылды және булы көмір қышқылды конверсия үшін катализатор», «Синтез-газға табиғи және ілеспе газдарын көмір қышқылды және булы көмір қышқылды конверсия үшін катализатор», «Синтез-газға көміртек диоксидінің метанын қайта түзу үшін катализатор» инновациялық патенттері бойынша өнертабыстың бірлескен авторы (Алматы қ.).
6. ДЗМҰ«Үздік өнертапқыш-әйел»марапаты
Ремеле Валентина Ванифантьевна– биология ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер, Қазақ ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының микробиология зертханасының жетекшісі, «Дәнді дақыл өнімділігін арттыру мақсатымен биопрепарат үшін негіз сипатында қолданылатын штамм», «Штамм-антагонист фитопатогендерін таңдау үшін тест-іріктеу сипатында қолданылатын штамм», «Дәнді дақыл ауруларына қарсы фунгицид қызметімен штамм», «Лимон қышқылы продуцентінің штамы» инновациялық патенттері бойынша өнертабыстың бірлескен авторы (Астана қ.).
7. ДЗМҰ«Ең жас өнертапқыш»марапаты
Батькаева Лия Рашидовна– М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 4 курс студенті, «Экстракциялық фосфорлы қышқыл алу тәсілі», «Кешенді тыңайтқыш алу тәсілі», «Фосфатты тыңайтқыш алу тәсілі», «Іскенге қарсы және жараны жазатын дәрі алу тәсілі», «Мышьяк қоспасынан фосфорды тазалау тәсілі» өнертабысының бірлескен авторы (Алматы қ.).
8.«Үздік өнертапқыш-оқушы»ДЗМҰҚұрмет грамотасы
Жұмабеков Айдар Темірболатұлы
– Солтүстік Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 6 класс оқушысы, Петропавл қаласы, «Қыз сандық» жұмысының авторы (Петропавл қ.).
Сонымен қатар, «Шапағат» байқауы шеңберінде Еуразия патенттік ұйымының марапатын табыстау да дәстүрлі болып келеді. Соңғы үш жыл бойы Еуразия патенттік ұйымының Президенті А.Григорьевпен В.И. Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік іс саласына енгізген үлесі үшін» алтын медалі беріліп келеді. Осы жылы оның иегері техника ғылымдарының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, машина жасау және гидроциклон саласында 114 өнертабыстың бірлескен авторы Әбдіраманов Әбдіманап болды. Аталғат марапат ЕАПҰ ең басты марапаты болып табылады.
Марапаттау салтанаты басталудан бұрын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Төрағасы Естаев Абзал Қуанышбекұлының қатысуымен брифинг өтті, оған келесі БАҚ өкілдері қатысты: 31 канал, «B news» ақпарат агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Вечерняя Астана», «Заң газеті», «Юридическая газета», Радио «Салем», «Нұр Астана» газеті, РТРК «Қазақстан» АҚ, «СТВ» телеканалы.
Марапаттау салтанатына барлығы 130-дан аса қонақ қатысты, оның ішінде мемлекеттік мекеме, ЖОО-ы өкілдері, ғалымдар, өнертапқыштар болды. Шығармашылық сарайының фойе залында іс-шара қатысушылары және қонақтары үшін өнертабыстар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қатысқандар: ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы» РМК, ҚР ДСМ «Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, ҚР БҒМ «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» РМК, «Компания Жайлау» ЖШС, ҚР БҒМ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» РМҚК, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» РМК, «Астана Строй-консалтинг» ЖШС, «Қазақ ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК, «Астана меицина университеті» АҚ, «ҚазАгроинновация» АҚ, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті», «Цесна» корпорациясы.
Өнертапқыштарға республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүргізілген сұхбат шеңберінде өзінің өнертабыстары туралы айту мүмкіндігі туды.
Бас демеуші болып өткен жылдағыдай «Компания ФудМастер-Айс Крим» ЖШС табылды, сонымен қатар «Алмас» ғылыми-енгізу орталығы, «Қазақмыс» корпорациясы, «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі, «Астана Инновейшн» АҚ қолдау көрсетті.
Өзінің қорытынды сөзінде ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Төрағасы А.Қ.Естаев байқау жеңімпаздарын құттықтап, біздің іс-шараға барлық қатысушылардың көрсеткен қызығушылықтары үшін алғысын білдірді.
Марапаттау салтанаты қазақстан эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертімен аяқталды.
Марапаттау салтанатының өтуі туралы ақпарат 2012 жылдың 24 мамырында «СТВ», «Қазақстан», 31 канал телекомпанияларының жаңалықтар топтамасында, «Сәлем» радиосында көрсетілді. Сонымен қатар қазіргі күні «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» күнделікті республикалық газетінде, вnews.kz ақпарат агенттігінде жарияланды.