Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Интеллектуалдық активтер жаңашыл экономиканың негізгі құралдары болып табылады және дүниежүзі елдеріне экономикалық дамуының жоғары жетістіктеріне жетуге мүмкіндік береді

05 шілде, 2013

Интеллектуалдық активтер жаңашыл экономиканың негізгі құралдары болып табылады және дүниежүзі елдеріне экономикалық дамуының жоғары жетістіктеріне жетуге мүмкіндік береді. Зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесінің дамуынсыз әлем нарығының құрылымына толығымен ену мүмкін емес. Дамудың жаңашыл кезеңінде зияткерлік меншікті қорғау негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Электрондық сауда мен ақпарат алмасу мақсаттары үшін Интернетті пайдалану қарқынды дамуда және зияткерлік меншікті бұдан да сенімді қорғау жүйесін талап етеді. Себебі, Интернет тек сандық ортадағы ақпаратты алу мен жіберудің таптырмайтын амалы табылып қоймай, сондай-ақ нәтижелері қандай болатыны белгісіз ұлтаралық қылмыстардың құралы болып табылады.

Халықаралық деңгейде Интернет жүйесінде авторлар мен құқық иелерінің құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін зерделеу және ортақ шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2013 жылғы 24 мамырда VI Астана экономикалық форумы шеңберінде «Зияткерлік меншікті Интернет жүйесінде қорғау: күрделі мәселелер мен келешегі» тақырыбы бойынша панельдік сессиясын өткізеді.

Жаһандық жүйелер мемлекеттер мен халықтың ақпараттық бірлестігінің қуатты құралы және олардың экономикалық дамуының алғышарты бола тұра, бір мезгілде ақпараттық, саяси және мәдени өктемдігінің құралы болуы мүмкін. Бүгінгі таңда авторлардың және құқық иелерінің ерекше құқықтарын, сондай-ақ Интернет жүйесінде де қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды біріктіру қажеттілігі туындап тұр.

Өзекті мәселелерді талқылау және ортақ шаралар жасау үшін осы саладағы алдыңғы қатарлы халықаралық сарапшылар шақырылды.

Панельдік сессияның жұмысына Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ), Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК), Орталық және Шығыс Еуропаның авторлық құқық одағының (CEECA), Майкрософт Корпорациясының Еуропалық бөлімінің, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік зияткерлік меншік ведомствосының (SIPO) өкілдері, ТМД елдерінің мемлекеттік органдары мен патенттік ведомстволарының басшылары, сондай-ақ авторлар мен құқық иелері қатысады.