Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Атырау облысы Әділет департаменті біріге отырып, а.ж. 19-20 маусымында «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объектілерін ұтымды пайдалану» атты аймақтық оқыту семинарын өткізеді

05 шілде, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Атырау облысы Әділет департаменті біріге отырып, а.ж. 19-20 маусымында «Құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объектілерін ұтымды пайдалану» атты аймақтық оқыту семинарын өткізеді.

Семинарда зияткерлік меншік саласындағы заңнаманың өнертабыстар, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгілер, халықтық және халықаралық жүйе бойынша тауар таңбалары/қызмет көрсету таңбалары, зияткерлік меншік иеленушінің заңнаманы ұстануы, тауар таңбалары, фирмалық атаулар иелерінің құқықтық қақтығыс кезінде заңнаманы қолдану тұрғысынан негізгі ережелері қаралады.

Семинарда зияткерлік меншік құқығы комитетінің сарапшылары, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның жетекші сарапшылары, Қазақстан Республикасының мамандандырылған патенттік сенім білдірген өкілдері дәріс оқиды.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Семинарға қызығушлық білдірген тұлғалардың бәрін шақырамыз.

Семинарға қатысу үшін өтінімді 2013 жылдың 10 маусымына дейін turubekova.d@minjust.kz электронды мекен-жайына жіберу немесе 8 (7172) 74-06-67 телефоны арқылы хабарласу керек.