Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

05 шілде, 2013

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы №181 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

КенжебаевАрман Жанатбекович

«Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)

АйдарбековБауыржан Тлеужанович

«Абырой» Авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)

БлиевАсет Асылбекович

«Фонограммалар өндірушілердің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі директорның бірінші орынбасары (келісім бойынша);

мына:

ЖақсылықовТимур Мекешевич «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

ЖақсылықовТимур Мекешевич «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi»

көрсетілген құрамнан: Дархан Әзімханұлы Әзімхан шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов