Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

АВТОРДЫ ҚОРҒАУ

05 шілде, 2013

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Математикадан 105 сабақ» атты әдістемелік оқулықтың авторы – Н.Жаманқараеваның құқығын қорғау мақсатында, баспасөз-мәжілісі өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, аталған әдістемелік оқулықтың контрафактілік даналарын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, сауда айналымынан заңсыз көшірмеленген 12 өнім алынды.