Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті пайдалы модельдің заңсыз пайдалану фактісін анықтады

05 шілде, 2013

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Шымкент қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ мен жеке кәсіпкер А.Падеровтің арасында жасалған «Мемлекеттік сатып алулар туралы» келісім-шартына сәйкес, Шымкент қаласындағы жолаушылар көлігін диспетчерлік бақылау жүйесін азаматтық айналымға енгізу барысында № 594 патентімен қорғалған пайдалы модельдің заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

ОҚО Әділет департаменті бастығының заңды күшіне енген 18.01.2013 жылғы қаулысына сәйкес жеке кәсіпкер А.Падеров ҚР ӘҚБтК-нің 128 бабының 1 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, құқық бұзушыға әкімшілік жаза ретінде 60 АЕК (103 860 тг.) мөлшерінде айыппұл салынды.