Ұлттық зияткерлік меншік институты
2013 жылдың 19-20 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетімен, ҚР ӘМ ЗМҚК «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Атырау облысының Әділет департаментімен бірлесіп «Жайық-Ақпарат» баспасөз-клубында «Зияткерлік меншік объекттерін тиімді пайдалану және құқықтық қорғау» тақырыбына аумақтық оқу семинары ұйымдастырылды.
Семинар Зияткерлік меншік құқықғы комитеті Өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру басқармасының басшысы Мәди Амангелдіұлы Садановтың және Атырау облысының Әділет департаменті жетекшісінің м.а. Игілік Айдарұлы Аубакировтың төрағалығымен өтті.
Семинарда зияткерлік меншік саласында заңнамасының негізгі ережелері қаралды: өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар/ұлттық және шетелдік жүйесі бойынша қызмет көрсету таңбалары, зияткерлік меншік иелерінің құқықтарын сақтау, тауар таңбалар, фирмалық атаулар иеленушілердің құқықтарын қақтығысы кезде заңнамасын пайдалану.
Іс-шараға Зияткерлік меншік құқығы комитетінің, ҚР ӘМ ЗМҚК «ҰЗМИ» РМК өкілдері, сонымен қатар ҚР Батыс өңірдің мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Жоғары оқу орындардың өкілдері, сонымен қатар үлкен бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты, жалпы 45 адам.
Семинарда лекторлар ретінде Зияткерлік меншік құқықғы комитеті Өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру басқармасының басшысы Мәди Амангелдіұлы Саданов «Зияткерлік меншік объекттерін қорғаудың құқықтық негіздері (жалпы ережелер). Қазақстан Республикасының Патенттік заңнамасы. Зияткерлік меншік саласында уәкілетті мемлекеттік органы және эксперттік ұйымы» тақырыбында баяндама жасады, Өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру басқармасының сарапшысы Динара Отульбаевна Турубекова «Дауларды шешу механизмі» тақырыьында баяндама жасады.
Сонымен қатар «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстарды және пайдалы модельдерді сараптау басқармасының басшысы Г.Қ. Ильясова, Өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасы башысының м.а. Л.Қ. Салкен, Тауар таңбаларды және тауар шығарылатын жерлерді сараптау басқармасының бас сарапшысы Ә. Шакуанова келесі баяндамаларды жасады:
«Тауар таңбаларды және тауар шығарылатын жерлерді құқықтық қорғау», «Қазақстан Республикасында өнертабыстарды құқықтық қорғау», «Өнеркәсіптік үлгі патенттік құқық объекті сияқты» баяндамаларды жасады, сонымен қатар Атырау облысы Кеден бақылау департаменттің Кеден бақылауды ұйымдастыру басқармасының өкілі және Атыраудың Жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Семинар нәтижесінде барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Іс-шара БАҚ кең жарияланды.