Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide

«Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша баспасөз хабарламасы

05 шілде, 2013

А.ж. 25 маусымда Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кәсіпкерлік субъектілердің авторлық құқықтарды сақтаудың проблемалық мәселелерін, атап айтқанда сыйақыларды төлеу, қорғалатын шығармаларды келісім шартсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік және құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) қызметі мәселелерін талқылау дөңгелек үстелдің мақсаты болып табылады.

Аталған дөңгелек үстелдің жұмысына Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, ішкі істер, қаржы (Кедендік бақылау комитеті) министрліктерінің, жоғары оқу орындарының, ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар жазушылар, композиторлар, суретшілер мен дизайнерлер, сәулетшілер шығармашылық одақтары қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында авторлардың және өзге құқық иелерінің құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде суретшілер мен дизайнерлер, жазушылар, сәулетшілер шығармашылық одақтардың, «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша коммерциялық емес ұйымының, «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» РҚБ, «Қазақстан авторлары қоғамы» РҚБ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады.

Авторлық және сабақтас құқықтар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, авторлық шарттарды жасасу, жаңа бағдарламаларды, оқу курстарын, кешендерін және т.б. жасаумен айналысатын жоғары оқу орындарының өкілдерін ынталандыру, Үкімет қаулысымен бекітілген авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақының ең төменгі мөлшері жөнінде өзгертулерді енгізу мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелді өткізудің барысында шығармашылық одақтардың, ұйымдардың өкілдеріне қойылған сұрақтарына толыққанды жауап берілді.