Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қызылорда облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша алынған сауалнама қорытындысы

05 шілде, 2013

Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының индикаторларының мақсатына жету туралы ҚР Үкіметінің 08.02.2011 жылғы № 95 қаулысына орай, Қызылорда облыстық Әділет департаменті азаматтардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында хабардарлығын анықтау мақсатында барлығы 500 адамнан сауалнама алынды. Cауалнама нәтижесі бойынша қарақшылық өнімдерді азайту мақсатында 261 адам құқықтық сауаттылықты көтеруге байланысты шараларды жиі өткізу керек десе, 198 адам авторлық және сабақтас құқық туралы жауапкершілікті қатаңдату керек деп қолдаған. 29 адам лицензиялық тауарлардың бағасын төмендету қажет десе, басқа да себептерді 12 адам көрсеткен.

Облыста зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі жоғары деп 254 адам бағаласа, 219 адам орта, 27 адам төмен деп тапқан.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау деңгейін БАҚ құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жандандыру керек деп 153 адам, семинарлар мен дәрістер, дөңгелек үстелдер, яғни іс-шараларды көбірек ұйымдастыру қажет деп 208 адам, заң талаптарын бұзушыларға жауапкершілікті қатаңдату керек деген ұсынысты 118 адам берсе, 21 адам басқа да себептерді көрсеткен.