Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және пайдалану» оқыту семинарына анонс

05 шілде, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті ағымдағы жылғы 10-12 қыркүйек аралығында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК-ның Оқу орталығының негізінде (Алматы қ.) зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі құқық қолдану практикасы және мүдделі мемелекеттік органдардың өзара әрекет ету мәселелері бойынша кеден органдары мен әділет органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізеді.
Аталған іс-шараның барысында Алматы қ. ІІД, КБД және сот өкілдері, Сот сараптамасы институты мен Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметкерлері дәріс оқиды. Тыңдаушылар ретінде кеден, ішкі істер және әділет органдарының өкілдері қатысады.