Ұлттық зияткерлік меншік институты
Интернет – қорларының иелері нені білуі керек?
Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясына, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі шартына, сондай-ақ Азаматтық кодексінің 978-бабына, «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның 16-бабына сәйкес авторлық және сабақтас құқық объектілерін, оның ішінде Интернет жүйесінде пайдалану автордың немесе құқық иесінің тиісті жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылуы тиіс.
Интернет жүйесінің сегментінде кез келген домендік кеңістікте сайт ашуға тілек білдірген адамдар авторлық және сабақтас құқықтардың қорғалатын объектілерін (ойындарын, фильмдерін, музыкасын, бағдарламаларын және т.б.) пайдалану тек қана автордың немесе құқық иесінің тиісті рұқсатымен жүзеге асырылатынын ескеруі тиіс.
Шет елдердің домендері мен хостингтерін пайдалану әрбір Интернет-пайдаланушының құқығы болып табылады. Сонымен қатар, отандық Интернет-кеңістіктің өркениетті дамуы сайттардың иелерін, провайдерлерді Қазақстандық Интернет сегментін дамытуға ынталандыратын, оны белсенді пайдалану, өз кезегінде біздің еліміздің азаматтарының хал-ахуалын жалпы жақсартуға мүмкіндік беретін, азаматтардың мәдени және парасатты дамуына жағдай жасайтын, бұл ретте азаматтық қоғамның Сіз сияқты мүшелері, құқық иелерінің және авторлардың құқықтарын сақтау қажеттілігін ұғатын заңды контентсіз мүмкін болмайды.
Әйтпесе, зияткерлік меншік объекттерін, оның ішінде Интернет жүйесінде пайдалану бойынша кез келген әрекеттер автордың немесе құқық иесінің мүліктік құқықтарын бұзу болып танылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес зияткерлік меншік құқығы жеке азаматтық құқыққа жатады. Әрбір автор және құқық иесі шығарманың заңдық тағдырын өздігімен белгілеуге, оны басқа түлғалар пайдалануға рұқсат беруге немесе рұқсат бермеуге ерікті болады. Осыған байланысты, өз құқықтарын қорғау үшін көрсетілген түлғалар зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға тыйым салу бойынша шараларды қабылдауы тиіс.
Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 12 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңының қабылдануымен Қылмыс кодексінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінде (бұдан әрі – ҚР ӘҚКо) бойынша Интернет жүйесінде авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу жауапкершілігі туралы ережелер нақтыланды.
Интернет жүйесінде авторлық және сабақтас құқықтардың объектілеріне қатысты бұрын көрсетілген заңсыз әрекеттер ҚР ҚК және ҚР ӘҚКо нормаларымен көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейінгі редакциялауда қамтылған.
Осы Заңның қабылдануымен Интернет жүйесінде авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау туралы заңнаманы бұзу жауапкершілігі туралы ереженің дербес норма болып бөлініп шығуы жаңалық болып саналады.
Егер автор немесе құқық иесі өз объекттерін оларды үшінші адамдардың тегін пайдалануына рұқсат берумен Интернет жүйесіне орналастыруды шешетін болса, онда сайттардың иелеріне түсінбеушіліктер болмау үшін автордың немесе құқық иесінің тиісті рұқсатына ие болу ұсынылады.
Сөйтіп, одан әрі таратумен және заңсыз көшірумен байланысты жасалған әрекеттер заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылады.