Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Интернет – қорлардың қолданушылары нені білуі керек?

05 шілде, 2013

Интернет – қорлардың қолданушылары нені білуі керек?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.
2012 жылдың 12 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түзетулер қолданушылардың ақпаратқа қолжетімділігін шектемейді.
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) автордың немесе өзге құқық иеленушінің сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік (айрықша) құқығы бар.
Автордың туындыны қолдануға айрықша құқықтары түпнұсқасын немесе туынды даналарын қандай болсын тәсілмен жүзеге асыруға, оның ішінде орындау құқығын, тарату құқығын, көпшілік алдында көрсету құқығын, көпшілік алдында орындау құқығын, көпшілік алдында хабарлау құқығын, эфирге хабарлау құқығын, кабель арқылы хабарлау құқығын, аударуға құқығын, өңдеу құқығын, жалпылай хабарлау құқығын тұспалдап, таратуға тыйым салу немесе рұқсат беру құқығын білдіреді.
Заңның 18-бабына сәйкес заңды түрде жарияланған туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшiн және табыс алмай, жалғыз дана етiп көшiрмелеуiне жол берiледi.
Автордың немесе құқығын иеленушінің рұқсатынсыз және авторлық сыйақы төлемінсіз, бірақ міндетті түрде автордың есімін сілтеме жасағанда, иллюстрация ретінде туындыны қолдану, орындау, эфирге хабарлау немесе кабель арқылы хабарлау автор арнайы тыйым салмаса, жалпыға арналған жалпылай орындалған саяси сөздері, қаратпа сөздері, баяндамалары және тағы басқа сол сияқты аталған көлемдегі ақпараттандыру мақсатындағы туындылары, жалпылай ақпараттандыру мақсатында хабарлау және ағымды жаңалықтарды фотография немесе кинематография қалпында орындау, туындыларды эфирге жіберіп немесе кабель арқылы жалпылай ақпараттандырылып, аталған оқиғалар барысында көрілген немесе естілген сияқты жалпылай хабарлау үшін орындау, көзі көрмейтін жарияланған табыс алмау мақсатында бадыраған – нүктелі шрифтімен немесе басқа да арнайы тәсілдерімен, орындалуға жасалған туындыларды қолдану Заңмен қарастырылған.
Қылмыстық қодекске және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске қабылданған түзетулер интернет-қорларын құрып, туындыларды Интернет желісінде әрі қарай заңсыз жүктеуі, орналастыруы және таратуы үшін жауапкершілігін айқындайды.
Заңсыз (автордың немесе құқық иеленушінің рұқсатынсыз) тұлғалардың шексіз санына Интернет желісінде қорғалынатын туындыларға қолжетімділік беріп, сонымен автордың және құқығын иеленушілердің жауапкершілігі ескертілгенін назарларыңызды аударамыз.
Енгізілген түзетулер Интернет желісін қолданушылардың жауапкершілігін онлайн режимінде музыкалық туындыларды тек тыңдауға, фильмдерді қарауға, сонымен қатар аталған объектілерді жеке және оқу мақсатында, табыс алу және тұлғалардың шексіз санына тарату мақсатынсыз жауапкершілігін көздемейді.
Қабылданған түзетулер авторлық және сабақтас құқықтар объектілеріне авторлардың және құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұдан былай, бүгінгі күні ғылыми, әдеби және өнер туындыларын иеленушілердің құқықтарын қорғай, қамтамасыз ете отыра, ынталандырып, жаңа авторлық және сабақтас құқықтар объектілерді жарыққа шығаруға әкеледі, осымен мемлекет азаматтардың мәдени және зияткерлік дамуына жағдай жасап, сіздер мен біз секілді азаматтық қоғамның мүшелерінің, авторлардың және құқық иеленушілердің құқықтарын сақтауға қол жеткізеді.