Ұлттық зияткерлік меншік институты
2013 жылдың 16-18 қазанында Бурабай шипажайлы аймағында (Оқжетпес) Кавказдың, Балтияның, Орта Азияның, Орта және Шығыс Еуропаның кейбір елдері үшін патенттік салада кейбір икемді мүмкіндіктерді қолдану және пайдалану мәселелері бойынша аймақтық семинар өтті. Осы іс-шара Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияиткерлік меншік құқығы комитетімен (ҚР ӘМ ЗМҚК) және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастырылған және осы шараға 140 адам қатысқан, олардың ішінде 40 шетелдік қонақ, Қазақстан Республикас Патенттік ұйымының басшылығы мен қызметкері, патенттік сенім білдірілген өкілдері, әділет органдарының және жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында патенттік салада икемді мүмкіндіктерді қолдану және пайдалану, оларды аумақта енгізуге кедергі жасау, сонымен қатар мәжбүрлеу лицензиялар мәселесі, фармацевтикалық өнеркәсіптің келешегі және құқықтарды тауысу қатысты он бес маңызды тақырыптар талқыланды.
Спикерлер: Патенттік заңнама бөлімі директорының м.а., сонымен қатар ДЗМҰ заңнама мәселелері бойынша саясат пен консультациялар бөлімінің басшысы Марко Элман, ДЗМҰ патенттік заңнамасы бөлімінің құқықтық мәселелері бойынша қызметкері Аида Долотбаева, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) зияткерлік меншік бөлімінің аймақтық кеңесшісі Роджер Кампф, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) зияткерлік меншік сауда және денсаулық сақтау бойынша аумақтық кеңесшісі Маниша Шридар, зияткерлік меншік мәселелері бойынша кеңесшісі Сергей Зотин, Беларусь Республикасының Зияткерлік меншік Ұлттық орталығының құқық пен халықаралық шарттар басқармасының басшысы Юлия Федорова. Қорытынды талқылаудың модераторы ДЗМҰ Ауыспалы және дамыған экономикасымен елдерінің Департаментінің Кавказ, Орта Азия және Шығыс Еуропа елдері секцияның жетекшісі Сәуле Тлевлесова болды. Бұдан басқа елдердің презентацияларымен семинардың қатысушы-елдерінің патенттік ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі. Қазақстанның атынан «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар және пайдалы модельдер сараптау басқармасының басшысы Гүльдана Ільясова және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК нормативтік-құқықтық бөлімінің басшысы Татьяна Мамаева сөз сөйледі.
Семинар шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік ұйымын құрудың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты рәсімінде құттықтау сөздерімен келесі қатысушылар сөйледі: ҚР ӘМ ЗМҚК Төрағасы Абзал Естаев, Ұлттық патенттік ұйымының Бірінші Төрағасы Төлеш Каудыров, Экономикалық және жемқорлық қылмыстықпен күресу агенттігі төрағасының кеңесшісі Лиза Стамбекова, бейне үндеу арқылы ДЗМҰ Бас директоры Фрэнсис Гарри, сонымен қатар басқа елдерден патенттік ұйымдарының басшылары мен өкілдері: Армен Азизян (Зияткерлік меншік агенттігінің басшысы, Армения), Ираклий Гваладзэ (Ұлттық зияткерлік меншік орталығы, Грузия), Николай Ковиня (Зияткерлік меншік мемлекеттік қызметінің төрағасы, Украина), Хабибуло Фаязов (уразиялық патенттік ұйымының Вице-президенті), Саидгани Насретдинов (Зияткерлік меншік бойынша Агенттігі Бас директорының бірінші орынбасары, Өзбекстан), Беларусь Республикасының Өнеркәсіптік меншіктің Ұлттық орталығынан делегациясы (Юлия Федорова, Татьяна Ковалевская), Азірбайжанның Стандарттау, метрология және патенттер бойынша Мемлекеттік комитетінен делегациясы (Заир Хаджиев, Али Исмаилов), Тәжікстан Республикасынан делегациясы (Геннадий Купайи, Тавакал Маликов) және т.б.
Осы рәсімде, патенттік жүйенің 20 жылдығына орай, ҚР ӘМ ЗМҚК Төрағасы Абзал Естаев Комитеттің және Институттың қызметкерлеріне, патенттік сенім білдірілген өкілдерге және Қазақстанның патенттік ұйымының құруына және дамуына үлес қосқаны үшін зияткерлік меншік саласындағы қайраткерлерге құрмет белгілерді берді. Бұдан басқа, ЕАПҰ Вице-президенті Х. Фаязовпен «Өнертапқыштық және патенттік ісіне қосқан үлесі үшін» В. Блинников атындағы алтын медалі Алматы қ. «ҰЗМИ» РМК филиалдың жетекші сарапшысы Владимир Федуринге және өнертапқыш Тоқтамыс Мендебаевқа берілді, ал Еуразиялық экономикалық комиссиясының атынан Қазақстан Республикасының патенттік ұйымының басшыларына және қызметкерлеріне ынтымақтастық үшін алғыс хаттар берілді.
Шара біткеннен кейін мерекелі концерт және салтанатты қонақ асы өтті.