Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Өнеркәсіптік меншік құқығын қорғау» атты республикалық семинары

21 қараша, 2013

А.ж. 27-28 қарашадаҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіАлматы қаласында«Өнеркәсіптік меншік құқығын қорғау» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың жұмысына қатысу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар құқық иелері мен патенттік сенім өкілдері шақырылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Кеңес Одағы аумағында тіркеусіз және бір-бірінен тәуелсіз өндірушілер өз тауарларын ерекшелеу мақсатында қолданылып, күні бүгінге дейін пайдаланушылар арасында әйгілі болып табылатын тауар таңбалары мәселесі даулар туғызуда.

Қазіргі уақытта Ресей аумағына кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін әкелуге шектеу қойылды. Ресей Федерациясында «кеңестік» брендтердің құқық иелері бар, сондықтан кондитерлік өнімдердің сырттан әкелінуі құқық иесінің рұқсатымен жүзеге асырылады. Іс жүзінде қазақстандық компанияларға рұқсат алу мүмкін емес болып шықты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес зияткерлік меншік құқығына қорғау құжатын беру патентке қабілеттілік шарттары тексеріледі, олар жаңашылдық негізге байланысты. Жоғарыда аталған өнімдердің біреуі де жаңашылдыққа төзе алмайды.

Бұдан басқа, өзге адамдар бұл өнімді тек лицензиялық шарт негізінде патент иесінің рұқсаты бойынша ғана пайдалана алады.

Сонымен қатар, 2012 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында «Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі конвенцияға» қосылды.

Бұдан басқа, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың мәдени мұрасы тек қазақстан Республикасына тиесілі және оларды басқа мемлекетке беру құқығы жоқ.

Осыған орай, семинардың мақсаты тауар таңбаларына құқықтарды тіркеу, өнертабыстарды және басқа да өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу, Кедендік одақ шеңберінде ретроспективтік тауар таңбаларын пайдалану мәселелері, сондай-ақ, қазақ халқының мәдени мұралары болып табылатын дәстүрлі білімдерді (домбыра, астау, бесік, қазы-қарта, жал-жая, шұбат, қымыз және т.б.) құқықтық қорғау мәселелерін талқылау болып табылады.

Өткізу орны:Алматық.,Шевченкок-сі,

Қонаевкөшесінің қиылысы28-5, «Дом ученых»ғимараты

Басталуы:сағат10:00

БАҚ үшін тіркелу: сағат 9:30

Қатысуды 2013 жылдың 25 қарашаға сағат 18.30 дейін растауды сұраймыз

тел: 8 (7172) 74-06-18, 74-06-67

ұялы: + 7778 34-35-168

эл. мекен жайы:tyremuratova.a@minjust.kz

madina_shay@mail.ru