Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

«Өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғау» атты республикалық семинары

27 қараша, 2013

А.ж. 27 қарашадаҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіАлматы қаласында«Өнеркәсіптік меншік құқығын қорғау» тақырыбында республикалық семинардың жұмысын бастады.

Семинардың тақырыбы өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғаудың актуалды мәселелеріне, соның ішінде дәстурлі білімдерді, өнертабыстарды, тауар таңбаларды құру, тіркеу және пайдалану бойынша, өнеркәсіптік меншік объекттерін пайдалануға шарттарды құру және тіркеу бойынша күрделі мәселелеріне, соның ішінде Кеден одағының заңнамасын жетілдірудің қажеттілігі жөнінде мәселелеріне арналған.

Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясат жүзеге асыру бойынша басқармасының басшысы М.А. Саданов және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры С.Е. Бекенов сөйледі.

Семинар шеңберінде Қазақстан Республикасы Патенттік жүйесінің ХХ жылдығына орай біздің еліміздің патенттік жүйесінің ардагерлерін және еңбегі сіңген қызметкерлерін құттықтаудың салтанатты рәсімі өтті.

Модерлаторлар ретінде профессорлар, ҚР патенттік сенім білдіріліген өкілдері, ЗМҚК және «ҰЗМИ» РМК басқармаларының басшылары сөз сөйледі.

Семинардың жұмысына мемлекеттік органдарының (мәдениет және ақпарат, индустрия және жаңа технологиялар, денсаулық сақтау, білім және ғылым, ауыл шарушылығы, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, шетел істер, аумақтық даму, мұнай және газ, көлік және коммуникациялар министрліктерінің), әлеуметтік бірлестіктердің, кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық компаниялардың («КазАгроИнновация» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және т.б.), Жоғары оқу орныдарының («Назарбаев Университет», КИМЭП, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) өкілдері, сонымен қатар құқық иеленушілері және патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.