Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

G-Global алаңындағы виртуалды диалог

10 желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіVIIАстана экономикалық форум (бұдан әрі АЭФ) және ІІ Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция (бұдан әрі - ДДҚК) қарсаңындаG-Global коммуникативтік алаңында(http://www.group-global.org/kz/session/view/364)«Зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету – жосықсыз бәсекеден қорғау»тақырыбы бойынша пікірсайыстар жүргізілетінін хабарлайды.

G-Global алаңындағывиртуалды диалогқа белгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, бизнес қауымдастығының өкілдері, мемлекеттік қайраткерлер қатысады.

Интернет-жоба Интернет желісін пайдаланушылар қауымына шетелдік мемлекеттер өкілдерінің пікірлерін білуге мүмкіндік береді. АЭФ және ДДҚК көзбе-көз іс-шараларының жұмысына қатысатын және онда сөз сөйлейтін барлық сарапшылар өзекті мәселелерді онлайн режимінде талқылау және Форумның қорытынды ұсыныстарына алдын ала дайындалу мүмкіндігіне ие болатыны осы форматтың ерекшелігі болып табылады.

Виртуалды жоба аясында кейін Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы жоспарды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін мақалалар мен баяндамалар орналастырылады, оларды талқылауға және өзіндік комментарийлерді қалдыруға, Виртуалды жобада талқылау үшін сұрақ қоюға немесе пікірталастар аясында талқылау үшін тақырып ашуға мүмкіндік бар.

Осыған байланысты, Сіздерді зияткерлік меншік мәселелері бойынша онлайн-бейнеконференцияларға қатысуға шақырамыз.