Ұлттық зияткерлік меншік институты
2013 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында Жненва қ. (Швейцария) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мүше-елдері Ассамблеясы отырыстарының елу екінші сериясы өтті.
Осы шараға Қазақстан Республикасының атынан Зияткерлік меншік құқығы комитетінің келесі өкілдері қатысты: А.Қ. Естаев, Комитеттің төрағасы, А.М. Мейіржан, Кадр қызметі басқармасының басшысы, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК («ҰЗМИ» РМК) атынан – С.Е. Бекенов, «ҰЗМИ» РМК директоры және А.И. Әліпбай, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары.
Отырыста келесі мәселелер талқыланды:
Бұдан басқа, сыртқы бюроды басқару қатысты ДЗМҰ жалпы саясаты бойынша, үлгілер бойынша заңдар туралы шарт жасау үшін Дипломатиялық конференциясын жинау мәселелері, сонымен қатар Авторлық құқық және сабақтас құқық бойынша Тұрақты комитеті қатысты мәселелері қаралды.
Іс-шара жалпы есеп және ДЗМҰ әр жетекші органның есептерін қабылдаумен аяқталды.
Сапар шеңберінде Қазақстанның делегациясы Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстан Республикасының елшісі Мұхтар Тлеубердімен кездесу өтті. Осы кездесуде келе жатқан жылға Қазақстанды үйлестіру мәселелері талқыланды. Осымен бірге Қытай Халық Республикасының Зияткерлік меншік мемлекеттік ұйымы комиссарының орынбасары Ли Югуангмен екі жақты ынтымақтастықты даму мәселелері бойынша кездесу өтті.