Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасының Кедендік одақ және ДСҰ-на кіру шеңберінде тауар таңбаны және тауар шығарылған жердің атауын тіркеу мәселелері бойынша (өтінім беру рәсімі, құқықтық қорғау және т.б.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы Комитеті2014 жылдың 18, 19 акпанындаАлматы қаласында оқыту семинарын өткізеді.
Қазақстанның көптеген бизнес өкілдері, компаниялар және кәсіпкерлер логотиптерді және домен атауларын тауар таңба ретінде тіркеуді қажет екендігін біледі. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында пайдаланатын көптеген фирмалық атаулар, брендтер, логотиптер тиісті тіркелмеген, бұл құқықтық қорғаумен қамтамасыз етілмегендігін білдіреді.
Оқыту семинарына қызығушылық танытқан барлық тұлғаларға ақысыз негізде өткізіледі.
Семинар өтетін жер: Алматы қ., Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).
Семинарға қатысу өтінімі2014 жылдың 6 ақпанынадейін қабылданады.
Басталуы 10.00 сағатта, 09.30 сағаттан бастап қатысушылардың тіркелуі.
Барлық сұрақтар бойынша (8727)-397-72-76, 397-73-35 телефоны немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Алматы қ.) немесеkursy.kazpat@mail.ru электронды поштасы арқылы хабарласыңыз