Ұлттық зияткерлік меншік институты
2014 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті G-Global коммуникативтік алаңында «Тауар таңбаларын тіркеу - бизнес әлемінде аман қалу үшін қажеттілік» тақырыбы бойынша онлайн-бейнеконференция өткізді.
Бейнеконференцияның жұмысына Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік зияткерлік меншік және инновациялар қызметінің (Қырғызпатент), Грузия Ұлттық зияткерлік меншік орталығы (Сакпатенти), Еуразиялық экономикалық комиссиясының өкілдері, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалдары және басқарма басшылары қатысты.
Бейнекоференцияға қатысушылар конструктивтік сұхбат барысында тауар таңбаларының бизнес саласындағы маңызы, қорғалатын белгілердің иелерінің құқығын қорғау мәселелерін, сондай-ақ қосарлас импорт мәселелерін талқылады.
Қырғыз Республикасының патенттік ведомствосының өкілі сараптама және тауар белгілерін тіркеу бөлігіндегі «Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер аумақатарында тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы шарт» ерекшеліктеріне қатысты қызығушылығын білдірді.
ЕЭК өкілдері алдағы онлайн-конференцияның жұмысына Арменияның патенттік ведомствосы да қатысуға тілек білдіргені туралы айтып өтті.