Ұлттық зияткерлік меншік институты
2014 жылғы 5 наурызда «Жұмбақтас» қонақ үйінің «Абылай Хан» конференц-залында Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның ұыймдастырушылары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (одан әрі - Министрлік), Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (одан әрі - Комитет) және «Қазақстандық шетел инвесторлары кеңесі» ассоциациясы.
Іс-шараның жұмысына Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М. Құсайынов, Комитет төрағасы А. Естаев, Еуразиялық экономикалық комиссиясының Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары С. Алиев, мүдделі мемлекеттік органдар мен шетел компанияларының өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер қатысты.
Дөңгелек үстел аясында Кеден одаққа ықпалдасу барысында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы үйлестірудің өзекті мәселелері, қатарлас импорт, Қазақстан Республикасының аумағында тауар таңбаларын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың контрафактілік өнімдерді таратумен күрестегі өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін Шетел инвесторлары кеңесінің аралық отырысына ұсынылатын ұсынымдардың бірыңғай тізбесін дайындау кезінде есепке алынатын болады.