Ұлттық зияткерлік меншік институты
А.ж. 28 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы комитетіне Ресей мемелекеттік зияткерлік меншік академиясының (РМЗМА) ректоры Иван Анатольевич Близнец жұмыс сапарымен келді.
И.А. Близнец «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау – жосықсыз бәсекеден қорғау. Интернет жүйесінде зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету» атты тақырыбында G-Global виртуалдық алаңында бейнеконференцияның жұмысына қатысты. Бейнеконференцияның жұмысы барысында Комитет төрағасы А. Естаев И.А Близнецті Қазақстанның Патенттік жүйесіне 20-жылдығына орай мадақтамамен және мерейтойлық медалімен марапаттады.
Комитеттің басшылығы 29 наурызда жоғары сынып оқушыларына арналған VI Халықаралық зияткерлік меншік бойынша олимпиаданың қазақстандық айналымының финалы жұмысына қатысты. Қазақстандық айналымның финалының ұйымдастыраушылары РМЗМА, Сырбай Мәуленов атындағы қоғамдық қоры, Халықаралық IT-университеті, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Жоғары сынып оқушыларына арналған Халықаралық зияткерлік меншік бойынша олимпиада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы, Ресей Федерациясының зияткерлік меншік бойынша Федералдық қызметі, Еуразиялық патенттік ведомствосы және басқа елдердің патенттік ведомстволары, Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіптік палатасы, Ресей авторлық қоғамдығы, жергілікті өзін-өзі басқарудың органдары, білім жөнінде жергілікті басқару органдары, Ресей субъектілердің білім жөнінде басқару органдары және басқа елдердің жалпы білім беретін мекемелерінің көмектесумен өткізіледі.
Олимпиада жұмысының қорытындысы бойынша РМЗМА ректорымен авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мәселелері бойынша, яғни осы салада халықаралық заңнаманың негізгі үрдістерінің дамуы жөнінде дәріс оқытылды. Иван Анатольевич Интернет жүйесінде авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың, қарақшылықпен күресудің ерекше маңыздылығын белгіледі
Сондай-ақ, И.А. Близнец «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның басшылық пен сарапшылармен кездесті, онда зияткерлік меншік саласының даму стратегиясының мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік құқығы комитеті