Ұлттық зияткерлік меншік институты
2014 жылғы 11 сәуірде «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беру жөніндегі конкурстық комиссиясының отырысы өткізіледі.
Конкурстық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК басшылығы, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірген өкілдері қатысады. Конкурстық комиссиясының төрағасы – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э. Әзімова.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы жыл сайынӨнертапқыш қызметін ынталандыру, азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттері мен дарындылығын қоғамның мойындағанын білдіру, азаматтардың инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында беріледі.
Өткізу орны: Астана қ., Министрліктер үйі,
Орынбор көш. 8, 13 кіреберіс. 841 каб.
Басталуы: сағ.10.00.
БАҚ үшін тіркеу: сағ. 09.20.
Тел: 8 (7172) 74-06-18
Сот: + 7 778 425 47 04
эл. пошта:press.office.intellkaz@gmail.com