Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

СD – ROM дискте ТМД елдерінің бірлескен аумақтық патенттік-ақпараттық өнімін (CISPATENT) өнеркәсіптік шығару бойынша Жобасы Координациялық кеңесінің отырысы

15 сәуір, 2014

Ағымдағы жылдың 08-09 сәуір аралығында Минск қ. (Беларусь) СD дискте ТМД елдерінің бірлескен аумақтық патенттік-ақпараттық өнімін (CISPATENT) өнеркәсіптік шығару бойынша Жобасы Координациялық кеңесінің отырысы өткізілді.

Координациялық кеңесінің отырысына Жобаның қатысушы-елдері – Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Еуразиялық патенттік ұйымының өкілдері қатысты.

Құттықтау сөзін Беларусь Республикасы Ғылым және технологиялар мемлекеттік комитеті Өнеркәсіптік меншікті сараптау орталығының басшысы – А.А. Байдак сөйледі.

Отырысты Координациялық кеңесінің Жетекшісі Б.Л. Генин ашты.

Отырыс барысында СD – ROM дискте ТМД елдерінің бірлескен аумақтық патенттік-ақпараттық өнімін (CISPATENT) өнеркәсіптік шығару қатысты мәселелердің қатары талқыланған.

Жоба елдер арасында патенттік құжаттамасымен алмасуда үлкен рөл ойнайды. CISPATENT дисктері АҚШ, Канада, Австрия, Германия, прибалтика елдерінің патенттік ұйымдарына, сонымен қатар Еуропалық патенттік ұйымына және Еуразиялық патенттік ұйымына жолданады.

Жоғарыда аталғаны негізінде Жоба тұрақыты дамытылып жатыр және ТМД елдерінің ынтымақтастықтың белгісі болып табылады деп белгілеу тиіс.