Ұлттық зияткерлік меншік институты
Жыл сайын Қазақстан Республикасында ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті және Ұлттық зияткерлік меншік институтымен ҚР Ғылым және білім министрлігінің және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің көмегімен «Республикалық өнертапқыштық саласында жетістіктердің конкурсы «Шапағат» өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің, Индустрия және сауда Министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген Конкурстың ережелеріне сәйкес Республикалық өнертапқыштық саласында жетістіктердің конкурсы «Шапағат» өткізіледі.
2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар азаматтардың өнертапқыштық қызметін ынталандыру мақсатында 2004 жылы «Шапағат» конкурсы ұйымдастырылды. 11 Өнертапқыштық саласында жетістіктердің конкурсы VII Астаналық форумы шеңберінде өткізіледі.
Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік рөлін арттыру, өнертапқыштық қызметті көпшілікке түсіндіру, өнертапқыштықты және инновацияларды дамуға жәрдемдесу, өнертапқыштық және инновациялық салаға инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, перспективалық зерттемелерді өндірістік секторға енгізу.
ХІ Республикалық өнертапқыштық саласында жетістіктердің конкурсы «Шапағат - 2014» келесі номинациялар бойынша қатысуға 267 өтінім келіп түскен:
- Жылдың үздік өнертабысы – 34 өтінім;
- Үздік өнертапқыш әйел – 37 өтінім;
- Ең жас өнертапқыш – 14 өтінім;
- Ең белсенді өнертапқыш – 22 өтінім;
- Жас дарын – 100 өтінім.
Аталған номинациялардан басқа осы жылы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Дүниежүзілік өнертапқыштар әйелдер мен кәсіпкерлер қауымдастығының, Еуразиялық патенттік ұйымының номинациялары және марапаттары беріледі.
Байқауға 2013 жылы берілген және жарияланған қолданыстағы өнертабысқа берілген инновациялық патент және патенті бар ұлттық патент иелері қатысады.
Конкурстың жеңімпаздарын Конкурстық комиссиясы анықтайды. Конкурстық комиссиясы белгілі ғалымдардан, қоғам қайраткерлерден, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Конкурстық комиссияның отырысы 2014 жылдың 22 сәуірінде сағат 15.00, 23 сәуірінде сағат 10.00 келесі мекен-жайы бойынша өткізіледі:
Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8- үй, кіреберіс № 3, офис 803 (9 қабат).
Конкурстық комиссияның отырысында түпнұсқалықтың, бәсекеге жарамдылықтың, жоғары техникалық дәреженің, пайдалану кезінде табыстылықтың және әлеуметтік маңыздың критерияларына жауап беретін өнертабыстар іріктеледі және келесі номинациялар бойынша анықталады:
- Жылдың үздік өнертабысы – үш марапат;
- Үздік өнертапқыш әйел – бір марапат;
- Ең жас өнертапқыш – бір марапат;
- Ең белсенді өнертапқыш – бір марапат;
- Жас дарын – бір марапат.
Байқау жеңімпаздары «Шапағат» статуэткаларымен және арнайы дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар «Қазақстанның инновациялық дамуына үлес қосқаны үшін» арнайы дипломдардарымен марапаттау қарастырылған.
2010 жылдан бастап, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы қазақстандық өнертапқыштарды ДЗМҰ-ның «Жылдың Үздік өнертапқышы», «Жылдың үздік әйел-өнертапқышы», «Жылдың ең жас өнертапқышы», «Жылдың ең үздік оқушы-өнертапқышы» медальдарымен марапаттайды.
Сонымен қатар, дәстүр бойынша «Өнертапқыштық және патент ісіне қосқан үлесі үшін» В. Блинников атындағы Алтын медаліне ие болатын жеңімпаз анықталады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатты жағдайда өтеді. Марапаттау кешіне ҚР Парламентінің депутаттары, ғылым қайраткерлері, ҚР патенттік сенім білдірілген өкілдер, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, даму институттары, инновациялық орталық, ЖОО-ның өкілдері және шетелдік патенттік мекемелердің құрметті қонақтары қатысады.
Соңғы жылдардың дәстүрі бойынша, жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі Астана қаласының Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» өнер сарайында өткізіледі. Салтанатты марапаттау кеші қазақ эстрадасының қатысумен болатын мерекелік кешпен жалғасады.