Ұлттық зияткерлік меншік институты
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті а.ж. 29-30 сәуірінде Алматы қаласында «Өнеркәсіптік меншік саласындағы даму мен бәсекелестікке қабілеттілік» тақырыбында семинар өткізеді.
Семинарда өнеркәсіптік меншік объектілерін (өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары) тіркеу, оларды қолдану, бизнес стратегиясындағы инновациялық қызметтің дамуы, бизнестің дамуы мен оның жаңа деңгейге көтерілуі үшін зияткерлік меншіктің маңыздылығы, контрафактілі өнімдердің таралуымен күресу жөніндегі мәселелер, параллельді импорттың кейбір мәселелері, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және ынталандыру мәселелері талқыланатын болады.
Аталған іс-шараға қатысу тегін негізінде өткізіледі.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Қатысуға ниет білдірушілер 2014 жылдың 25 сәуіріне дейін turubekova.d@minjust.kz, abdieva.a@minjust.kz электронды мекен жайына өтінім жіберуге немесе 8 (7172) 74-06-67 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Өткізілетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.